Зариф америкалықтарға аймақта жеті триллион доллар жұмсағандарын ескертті
(last modified Tue, 15 Jan 2019 09:40:18 GMT )
Қаң 15, 2019 15:40 Asia/Almaty
  • Зариф америкалықтарға аймақта жеті триллион доллар жұмсағандарын ескертті

теріне салды Иран Сыртқы істер министрі Американың Таяу Шығыс аймағында жеті триллион долларды аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін емес, тек өздерінің біржақты мүдделері үшін ғана жұмсағанын айтты.

Иракқа сапармен барған Мұхаммад Джавад Зариф «Иракты қайта құру коалициясы» фракциясының басшысы Хади әл-Амери және фракцияның өкілдерімен кездесуінде Ирактың ғұламалары, басшылары және халқының белсенділігін елдің лаңкестікті жеңу факторлары екенін қуаттап: «Бұл жеңістердің нәтижесінде Бағдад бүгінде әртүрлі саяси және экономикалық делегациялар кездесетін аймақтың маңызды астанасына айналды»,- деді.

Хади әл-Амери Ирак астанасындағы соңғы оқиғаларға тоқталып, кездесулердің өткізілуін Иракқа тұрақтылықтың оралғанының белгісі деп атады.

 

 

 

Тегтер