Қауіпсіз аймақ туралы ИИР-ның көзқарасы
Иракқа сапармен барған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф екі елдің экономика саласындағы белсенділерінің конференциясында сөйлеген сөзінде қауіпсіз әрі күшті аймақ деп, бір елдің көршілес мемлекеттердің дамуын өзінің дамуы санайтын аймаққа айтылатынын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі қауіпсіз аймаққа қатысты ИИР-ның көзқарасына тоқталып: «Қауіпсіз аймақта соғыстың орнына келіссөздер жүргізіледі, қару-жарақ бәсекелестігінің орнына ынтымақтастық жасалады, бөгделерге сенім артудың орнына бауырластық қарым-қатынас орнатылады»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің бұл сөзі Иранның аймақтық интеграцияны қолдайтынын көрсетеді. Тәжірибе Батыс Азия аймағының үнемі бөгделердің араласуымен бетпе-бет келіп, олардың өз мақсаттарына жету үшін аймақты дағдарыс, соғыс және қайшылықтарға тіреуді көздейтінін көрсетті. Бұл үдерісте АҚШ аймақта дағдарыс тудырушы ойыншылардың бірі ретінде қауіпсіздікті қорғау саласындағы аймақ елдерінің өзара ынтымақтастықтарына кедергі жасап, негізсіз уәждерімен аймақ елдерін Ираннан үркіту саясатына шырмады. Аймақ қауіпсіздігі сол жердегі елдерге қатысты. Сондықтан басқалар бұл мәселеге араласпауы керек. Зарифтың айтуы бойынша, «Жеті триллион доллар аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін емес, тек америкалықтардың өздерінің біржақты мүдделері үшін жұмсалды». Тәжірибе АҚШ саясаттары нәтижесінің аймақ елдерінің қарым-қатынасына қайшылық тудыру екенін көрсетті. Бірақ, ИИР өзінің сындарлы ықпалымен ұлттық және аймақтық мүдделерге сай қауіпсіздік орнатты.
Халықаралық мәселелердің сарапшысы Сейед Бақер Заки Ускуи: «Иран аймақтың қазіргі жағдайында тәуелсіз үкіметтер мен халықтарға ықпал етіп, қауіпсіздік саласындағы қоқан-лоққыларды шешіп, қауіпсіздікті арттыра алатынын дәлелдеді. Лаңкестікпен күрес, аймақтағы жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың таралуының алдын алу, аймақтың, соның ішінде Ирак пен Ауғанстан дағдарыстарын шешу мен Сирияның құлауының алдын алуға көмектесуі Иранның рөлін арттыра түсті. Батыстың Гарри Сик пен Генри Киссенджер сияқты ойшылдары Иранның аймақтағы алпауыт елге айналғанын мойындады»,- деді.
Ислам республикасы өз қауіпсіздігін аймақ қауіпсіздігі секілді маңызды санайды. Алайда, Иран АҚШ-ты аймақтың қауіпсіздігін қамтамамасыз етуші ел санамайды. Дәл осы мәселе Трамптың ашу-ызасына себеп болды.
Корнель Университетінің халықаралық зерттеулер саласының ұстазы Питер Йоахим Катценштайнның пікірі бойынша, АҚШ әлемнің маңызды аймақтарын өз бақылауына алуға күш салып жатыр. Бірақ, ИИР «аймақтың жандармы» екендігі туралы уәж айтпай-ақ лаңкестікке қарсы күресте өзінің қорғаныс саласындағы әлеуетін көрсетті. Сол себепті ИИР-ның аймақтағы стратегиясы мен саясаттары АҚШ-тың ең мәселесіне айналды. Иран Сыртқы істер министрінің айтуы бойынша, «қауіпсіз әрі күшті аймақты тек сенім негізінде ғана құруға болады».