Зариф: АҚШ-тың Иран мен Ирак байланыстарына араласуға хақысы жоқ
(last modified Thu, 17 Jan 2019 14:55:09 GMT )
Қаң 17, 2019 20:55 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың Иран мен Ирак байланыстарына араласуға хақысы жоқ

ИИР Сыртқы істер министрі америкалық басшылардың Иран мен Ирактың қарым-қатынасына араласуға хақысы жоқ екенін мәлімдеді.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Иран және Ирактың Наджаф облысы экономикалық белсенділерінің бірлескен отырысынан кейін сөйлеген сөзінде: "Иранның Иракпен қарым-қатынасы ешқашан жасанды болған емес. Иран Иракпен өзара виза режимінің күшін жойып, кедендік тарифтерді азайтып немесе алып тастап,  шекаралық аймақтарда өнеркәсіптік қалашықтар салу арқылы Иракпен қарым-қатынасын арттыруға толығымен дайын",- деп баса айтты.

Зариф Иракқа жасаған бес күндік сапары барысында Бағдад, Эрбиль, Солеймание, Кербала және Наджаф қалаларында елдің мемлекеттік басшылары және экономикалық белсенділерімен өте жақсы кездесулердің өткенін, Иран мен Ирак қарым-қатынасы келешегінің жарқын екенін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Ирактың астанасы Бағдадқа барып, ирактық басшылармен кездесіп, кеңесу үшін Иран-Ирактың бірлескен бизнес форумына қатысты. Зариф сейсенбі күні Эрбиль және Солеймание қалаларына сапармен барып, Ирактың Күрдістан аймағының басшыларымен де кездесу өткізді.

Иран және Ирактың Күрдістан аймағының экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі форумға қатысу Иран СІМ-нің Ирактың Күрдістан аймағындағы бағдарламасының бір бөлігі болды.

 

 

Тегтер