Зарифтің Иракқа сапары – Бағдадтан Эрбильге дейінгі достық көрінісі
(last modified Fri, 18 Jan 2019 13:54:47 GMT )
Қаң 18, 2019 19:54 Asia/Almaty
  • Зарифтің Иракқа сапары – Бағдадтан Эрбильге дейінгі достық көрінісі

ИИР Сыртқы істер министрінің Иракқа бес күндік сапары мен оның Бағдадтағы орталық үкімет пен осы елдің Күрдістан аймағындағы басшылармен кездесуі екі ел қарым-қатынасының достық сипатта екенін айқын көрсетті.

Өткен жексенбі күні Ирактың астанасы Бағдадқа келген Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке осы ұзақ сапарды аяқтады. Иран Сыртқы істер министрі Ирак Президенті, Премьер-министрі және Парламент төрағасымен бірге Эрбиль мен Солейманиеде Күрдістан аймағының басшыларымен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрінің Ирактың бес қаласына сапары және бұл ел басшыларының шиіт, сүннит және күрд болғанына қарамай, Зарифті ыстық ықыласпен қарсы алуы Иранның Ирактағы әртүрлі қауымдарға қатысты бірыңғай саясат ұстанатынын растайды.

Иран біртұтас Ирак саясаты аясында бұл елдегі барлық топтарға бірыңғай қарайды. ИИР Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы және тыныштығын өзінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы санайды.

Иран Сыртқы істер министрінің Ирактың әртүрлі өңірінде үш экономикалық форумға қатысуы мен бұл елдің әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттауы АҚШ Иранға қарсы санкция салған кезде және ДАИШ-тен кейінгі жаңа кезеңде Ирак пен Иран басшыларының өзара экономикалық әріптестікті одан ары кеңейтуге деген ортақ ерік-жігерін көрсетеді.

Иран мен Ирак қарым-қатынасы терең достыққа негізделгені соншалықты, Зариф бейсенбі күні Наджаф-е Ашраф қаласында тілшілерге берген сұхбатында: "Екі ел қарым-қатынасының АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен басқаларға қатысы жоқ. Бұл байланыс кейбір елдердің қарым-қатынасындай жасанды емес",-деді.

Иракқа жасалған екі сапардың айырмашылығы осы елдің саясатындағы қазіргі жағдайды айқын көрсетіп отыр. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 26 желтоқсанында түнделетіп арнайы қауіпсіздік шаралары аясында Ирактың әл-Анбар облысындағы америкалық әскери базаға тікелей барды.

Трамптың осы сапар барысында Ирактың ұлттық егемендігіне көңіл аудармауы және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Бағдадқа сапары бұл елдің Иракқа ауыр күндері қол ұшын берер шынайы дос еместігін көрсетті.

Иран Ирактағы әртүрлі қауым өкілдеріне бірыңғай қарайды. Зарифтің Бағдадқа, содан соң Эрбиль мен Солейманиеге бескүндік сапары ИИР-ның Ирактың ұлттық егемендігін құрметтеп, оны сақтауда ашық саясат ұстанып отырғанын айқын көрсетті.

Ирактықтардың Трамптың осы елдің батысына түнде баруына ашулануы мен Помпеоның Иранмен экономикалық әріптестікті тоқтату туралы өтінішіне теріс жауап беруі ирактықтардың АҚШ-қа көзқарасын көрсетеді. Осындай жағдайда Ирактың Күрдістан аймағының Премьер-министрі Нечирван Барзани Зарифпен кездесуінде бірнеше минут парсы тілінде сөйледі. Қарсы алу кезіндегі осы айырмашылықтың өзі барлық шындықты көрсетіп отыр. Мұның аймақтық  және халықаралық жолдауы бар.

Бұдан бұрын Ирактың әртүрлі өңірінде ДАИШ лаңкестік тобы болған кезде Иран шиіттер, сүнниттер мен күрдтерге ДАИШ-пен күресуге көмектесіп, қиын-қыстау күндері де Ирактың аумақтық тұтастығын сақтауды ұмытпады.

Иранның осы шынайы достығының жауабы бұл күндері Ирактың әртүрлі басшыларының ұстанымдарынан көрініс тауып отыр. АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Ирак басшыларының Иранмен экономикалық әріптестікті жалғастыруды қуаттауы Иран-Ирак қарым-қатынасының жасанды еместігін баршаға дәлелдеп берді.  

 

Тегтер