Қаң 30, 2019 12:48 Asia/Almaty

Иранның Вице-президенті Джаһангири лаңкестердің көзі толық жойылғанша Иран үкіметі мен халқының Сирия үкіметі мен халқының қасында болатынын, Сирияның жеңісін өз жеңісі санайтынын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исхақ Джаһангири сейсенбі күні Дамаскте Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муалеммен кездесуінде: "Аймақтағы оқиғалар Сирия үкіметінің лаңкестікпен қарсы күресінде жақсы нәтижелерге жетіп, зорлық-зомбылық пен қырып-жою және талан-таражға салудан басқа еш нәрсені білмейтін топтардың бүгін діни басшы мен Сирия халқының қырағылығы және бірлігімен, сондай-ақ, дос елдердің ынтымақтастығымен сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Бұл жеңістер тарих үшін көптеген ғибратқа ие",- деді.

Сирия Сыртқы істер министрі де кездесуде сөйлеген сөзінде: "Иран мен Сирия лаңкестерді жеңіп, үлкен жетістікке жетті. Бүгін де санкция салынған жағдайда экономикалық ынтымақтастықтың арқасында бұл кезеңнен өту қажет",- деді.

 

 

 

Тегтер