Веhби Емре турнирінде ирандық спортшылар грек-рим күресі бойынша екінші орын алды
Ақп 04, 2019 13:51 Asia/Almaty
Иранның грек-рим күресі командасы Түркияда өткен Веhби Емре атындағы халықаралық турнирде екінші орын алды.
Иранның Күрес федерациясының жексенбі күнгі мәліметі бойынша, грек-рим күресінен Веhби Емре атындағы халықаралық турнир 11 ел спортшыларының қатысуымен Түркияның Стамбул қаласында ақпанның 1-3 күндері өтті.
Иранның грек-рим күресі командасы 67, 72, 87 және 130 кг салмақтарда төрт алтын, 55, 60, 82 кг салмақтарда үш қола медальмен екінші орын алды.
Тегтер