Хасан Насролла: Иран Ислам революциясы бар күшімен үстемдікке қарсы тұрды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41166-Хасан_Насролла_Иран_Ислам_революциясы_бар_күшімен_үстемдікке_қарсы_тұрды
Ливан Хизболласының Бас хатшысы «"Үлкен шайтан» – АҚШ-тың дұшпандығына қарамастан Иран Ислам революциясы қырық жыл бойы табандылық танытып, аймақта үлкен жетістіктерге жетті",- деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 05, 2019 18:28 Asia/Almaty

Ливан Хизболласының Бас хатшысы «"Үлкен шайтан» – АҚШ-тың дұшпандығына қарамастан Иран Ислам революциясы қырық жыл бойы табандылық танытып, аймақта үлкен жетістіктерге жетті",- деп қуаттады.

Al-Manar арнасының мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні сөйлеген сөзінде Иран Ислам революциясының аймақтағы жетістіктеріне тоқталып: "Имам Хомейни басқарған Ислам революциясы  аймақ жағдайын өзгертіп, азаттық талап ететін қозғалыстардың оянуына себеп болды",- деді.

Сейед Хасан Насролла Иран Ислам революциясына қарсы АҚШ-тың қастықтарының, соның ішінде Ирактың Иранға қарсы соғысында Саддамға қолдау көрсетуінің сәтсіздікке ұшырағанын еске салып: "Халықтың діни жетекшісі мен исламдық жүйені қолдауы – өткен қырық жылдағы Иран халқы жеңістерінің сыры",- деді.