Сауд Арабиясының Королі Мысырдың Шарм әш-Шейх қаласында Иранға қарсы уәж айтты
(last modified Mon, 25 Feb 2019 09:18:32 GMT )
Ақп 25, 2019 15:18 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Королі Мысырдың Шарм әш-Шейх қаласында Иранға қарсы уәж айтты

Мысырдың Шарм әш-Шейх қаласында өткен араб-еуропалық отырыста Сауд Арабиясының Королі Иранға қарсы уәждерін қайталады.

Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Салман бен Абдолазиз жексенбі күні өткен отырыста: «Йемендік әскерилер Сауд Арабиясының қалаларын Иранда жасалған 200 баллистикалық зымыранмен атқылады»,- деген уәж айтты.

Сауд Арабиясының Королі сондай-ақ, Иранды аймақ елдерінің ішкі істеріне араласумен айыптап, Иранның аймақтағы «бүлдіргі әрекеттеріне» қарсы тұру қажеттігін сұрады.

Араб лигасының Бас хатшысы Ахмад Абул Ғейт Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің көңілін аулау үшін Иранды Сирия, Йемен және Ливияның ішкі істеріне араласумен айыптады. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігін разы ету мақсатында Иранды араб әлемінің қауіпсіздік жүйесі үшін қоқан-лоққы деп атады.