Сауд Арабиясының Йеменмен соғысында апта сайын 100 бейбіт адам қаза болып, жараланады
БҰҰ-ның жаңа статистикасы бойынша, 2018 жылы Сауд Арабиясы-БАӘ коалициясының шабуылдары салдарынан апта сайын шамамен 100 бейбіт йемендік қаза болып, жараланған.
Al-Arabia сайтының хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты 2018 жылы Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның Йеменге қарсы соғысындағы бейбіт құрбандардың санын шамамен 5 мың адам деп хабарлады. Олардың үштен бірі – балалар.
Осы мәлімет бойынша, құрбандардың жартысына жуығы Йеменнің батысында орналасқан ең ірі төртінші қала әл-Худайдаға тиесілі. Сауд Арабиясының 2018 жылы жасаған шабуылдарының басты нысанасы осы қала болды.
БҰҰ-ның жаңа статистикасы, сондай-ақ, шамамен 14 млн адамның ашаршылық алдында тұрғанын көрсетеді.