ХАМАС Израильдің қылмыстарына кесімді жауап қайтарады
(last modified Sat, 06 Feb 2016 15:51:21 GMT )
Ақп 06, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • ХАМАС Израильдің қылмыстарына кесімді жауап қайтарады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың басшысы Махмуд әз- Захар «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатында: "Бұл қозғалыс аймақтағы қарсыласу өзегінің бір бөлігі болып табылады. ХАМАС Газаға қарсы кез- келген шапқыншылыққа үзілді- кесілді жауап қайтарады.

Сионистік дұшпан қарсыласу қозғалысын Газада келесі бір соғыстың орын алуына жауапты деп таныстырғысы келіп, әрдайым Газадағы ХАМАС-тың туннельдерін тілге тиек етеді. Осылайша Вашингтоннан қайтадан баж сұрап, Америкадан көбірек қаржылай көмек алғысы келеді» деді.

Әз- Захар сондай- ақ Палестина автономиялы құрылымының сионистік дұшпанмен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын Құдс қарсыласуының жалғасуы үшін ең үлкен кедергі деп атады.

Палестинаны азат ету халықтық майданы бас хатшысының орынбасары Бу Ахмад Фуад та палестиналық қарсыласу топтарын Ливан Хезболласымен тікелей үйлесімділікте деп санайды.

Оның айтуынша сионист басқыншылар кез- келген құралды пайдалану арқылы қарсыласудың көзін жоюға тырысуда.

Тегтер