ИИР Президенті Иракқа аттанды
(last modified Mon, 11 Mar 2019 15:01:40 GMT )
Нау 11, 2019 21:01 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті Иракқа аттанды

ИИР Президенті Хасан Рухани Ирак Президенті және Премьер-министрінің ресми шақыруымен бүгін, дүйсенбі күні жоғары лауазымды делегацияны басқарып, үшкүндік сапарымен Бағдадқа аттанды.

Саяси топтар бұл сапарды стратегиялық кездесу, Теһран мен Ирактың жаңа келісімдерге келуі үшін қолайлы мұрсат деп бағалады. Екі елдің саяси, экономикалық, мәдени салаларындағы қарым-қатынасын нығайту мен аймақтық ынтымақтастықтарды арттыру жолдарын қарастыру Иран Президентінің Ирак сапарының ең маңызды мақсаттары деп жарияланды. Иран Президентінің Бағдад сапарында екі ел арасында бірнеше келісімге қол қойылады. Бұл келісімдер Хоррамшаһр мен Басре қалалары арасындағы темір жол, өнеркәсіптік қалашықтарды салу мен дамыту, екі ел арасындағы виза мен кеден мәселелері, гигиена мен ем-дәрмен саласындағы ынтымақтастықтарға қатысты. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні ирандық және ирактық топтардың Ирак Сыртқы істер министрі Мұхаммадәли әл-Хакимнің қатысуымен Бағдадта өткен отырысында екі ел қарым-қатынасының стратегиялық екенін, ешкімнің оны әлсірете алмайтынын қуаттады.

Иран Ирак пен Сириядағы ДАИШ және басқа лаңкестік топтарға қарсы күреске белсенді қатысып, аймақтың қауіпсіздігін қорғап, тұрақтандыру саласында стратегиялық рөл атқарды. Екі елдің қарым-қатынасын орынды пайдалану үшін Ирактың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Бүгінде екі ел арасында стратегиялық ынтымақтастық орнатылып, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтар үшін жағдай жасалып жатыр. Сол себепті кейбір араласушы ағымдар бұл стратегиялық қарым-қатынасты Иранның Ирак істеріне араласуы деп көрсетуге талпыныс жасауда. Алайда, бұл әрекеттерге қарамастан, Иран мен Ирак басшыларының қарым-қатынасы оларға мән берілмейтінін көрсетеді.

Ирак үкіметі жұмысының жаңа кезеңінің басталуымен экономикалық саладағы ынтымақтастықтар басты мәселеге айналды. Иран – Иракқа тауар жеткізілетін ең жақсы жол. Иран сондай-ақ, Ирактың электр тоғы мен отынының маңызды бөлімін қамтамасыз ете алады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ирак Президенті Бархам Салех пен оның қасындағы делегациямен кездесуінде: "Дос, күшті, тәуелсіз және дамыған Ирак Иран үшін өте пайдалы. Біз ирактық бауырларымыздың қасында боламыз",- деп қуаттады.

Осыған орай Иран Президентінің Бағдад сапарын Ислам республикасының Ирак үкіметі мен халқының қасынан табылуға дайын екенін қуаттау деп бағалауға болады.

 

 

Тегтер