Рухани: Иран мен Ирак достық және тарихи байланысқа ие
(last modified Tue, 12 Mar 2019 09:41:15 GMT )
Нау 12, 2019 15:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Ирак достық және тарихи байланысқа ие

ИИР Президенті дүйсенбі күні Иран мен Ирактың жоғары лауазымды делегацияларының Бағдадта жоғары деңгейде өткен ортақ отырысында Ирак үкіметі мен халқының ИИР делегациясын жылы қарсы алуына алғыс айтып, екі елдің қарым-қатынасын тарихи деп бағалап, әрқашан достық сипатта жалғасатынына үміт білдірді.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани Иран халқының қиын күндері Ирак халқының қасынан табылып, көмегін аямағанына тоқталып: «Теһран Ирактың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін Иранның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін дамыту үшін пайдалы санайды»,- деді.  Рухани аймақ қауіпсіздігі мен дамуының Иран мен Ирактың тұрақтылығы мен дамуынсыз мүмкін емес деп атап: «АҚШ қысым көрсетіп, дос елдердің арасын алыстатуды көздейтін әрі Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қарсы заңсыз санкцияларын Иран халқына қарсы салып отырған жағдайда Иран мен Ирак жан-жақты қарым-қатынасты дамытып, нығайту арқылы оларға қарсы тұруы керек»,- деп қуаттады.

Ирак Премьер-министрі Адел Абдолмеһди де Иран халқы мен үкіметіне Ирак халқының ДАИШ лаңкестігіне қарсы күресін қолдағаны үшін ризалық білдіріп, Бағдадтың Ирактың әртүрлі салаларына салынатын ирандық инвестицияларды қолдайтынын мәлімдеді.  

 

 

Тегтер