Рухани: Аймақтағы лаңкестерді жоюда Батыс елдері ешқандай рөл атқарған жоқ
(last modified Tue, 12 Mar 2019 12:53:24 GMT )
Нау 12, 2019 18:53 Asia/Almaty
  • Рухани: Аймақтағы лаңкестерді жоюда Батыс елдері ешқандай рөл атқарған жоқ

ИИР Президенті аймақтағы лаңкестерді жоюда Батыс елдерінің ешқандай рөл атқармағанын, олардың тек ұшақтары және тікұшақтарымен жасанды қойылым көрсеткенін барша білетінін қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Бағдадта ирактық басшылармен кездесуде билеп-төстеушілердің ДАИШ пен басқа топтардың лаңкестерін аймаққа енгізу мақсаттарына тоқталып: "Елдердің арасына жік салып, халықтар арасында қайшылық тудырып, ұлтаралық және мазхабаралық терең дағдарыстарға тіреу, аймақтағы заңсыз араласушылық әрекеттері, Сирия мен Иракты және аймақтың тағы басқа кейбір мемлекеттерін қиратып, өздерін құтқарушы етіп көрсетіп, Исламды қорқынышты дін етіп көрсету билікқұмарлардың мақсаттарының қатарын құрады",- деді.

Рухани Ирак пен Сирияның және аймақтың басқа елдері халықтарының қырағылығының арқасында үстемшіл мемлекеттердің барлық қастандық әрекеттерінің залалсыздандырылғанын қуаттап: "Аймақтың мұсылмандары әлемге мұсылмандардың лаңкес еместігін, сондай-ақ, бұл діннің әділет пен, рақым діні екенін, барлық елдер және діндермен бейбіт қатар өмір сүре алатынын көрсетті",- деді.

 

 

Тегтер