Иран мен Ирак байланыстарының жаңа кезеңі басталды
(last modified Tue, 12 Mar 2019 14:35:37 GMT )
Нау 12, 2019 20:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак байланыстарының жаңа кезеңі басталды

ИИР Президенті Хасан Рухани Ирак Президенті Бархам Салех пен Премьер-министрі Адел Абдулмаһдидің ресми шақыруымен дүйсенбі күні саяси-экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны басқарып, үш күндік сапармен Бағдадқа аттанды.

 

 

Саяи сарапшылардың көбі Руханидің Ирак сапарын Теһран-Бағдад қарым-қатынасының маңызды кезеңі деп бағалады. АҚШ пен екі елдің халқына жамандық тілейтіндердің теріс үгіт-насихаттарына қарамастан бұл сапар дұшпандарға ИИР-ның ғиззатын көрсетті. Сапар Ирак Президенті Бархам Салехтің ресми қарсы алуымен басталды.

Сарапшылар мен мамандардың көбінің пікіріне сәйкес, Руханидің Ирак сапары экономикалық салалардағы жетістіктер және қол қойылған ынтымақтастық саласындағы жаңа құжаттарымен бірге аймақ пен әлем үшін маңызды саяси жолдауларды жеткізеді.

Швецияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Карл Бильдт дүйсенбі күні Твиттердегі парақшасында: "Трамп алыстағы әуе базасында тек әскерилерімен кездесіп, ирактық басшылармен кездеспеген жағдайда Рухани Иракқа үш күндік сапармен барды. Трамп пен әйелінің Ирактың солтүстігіндегі әл-Анбар облысындағы Эйн әл-Асад әскери базасына жасаған екі сағаттық жасырын сапары ирактықтардың наразылықтарына себеп болды. Ирактық партиялар мен басшылар Трамптың Бағдадқа жасаған жасырын сапарын АҚШ Президентінің өз үкіметі мен халқын әшкере түрде қорлау деп атады.

ИИР Президентінің Ирак сапары күндіз және салтанатты қарсы алу рәсімімен басталды. АҚШ-тың Теһранды оқшаулау әрекеттері Иран мен көршілес елдермен арадағы қатынасына еш әсерін тигізбеді. Ирак АҚШ-тың қысымдарына қарамастан көршілес елдердің арасында Иранның бірінші серіктесі саналады. Қарым-қатынастардың, әсіресе екі елдің діни ортақ негіздері мықты. Бұл тарихи кездесулерге қатысты пікірлер мен реакцияларды сапардың экономикалық жетістіктерімен бірге Иран мен Ирак арасындағы кең ауқымды перспективалар үшін қажет маңызды қадам деп бағалауға болады.

 

 

 

Тегтер