Рухани: Иран мен Ирак халықтары мәдени және наным-сенім тұрғыларынан біртұтас
(last modified Wed, 13 Mar 2019 09:35:59 GMT )
Нау 13, 2019 15:35 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Ирак халықтары мәдени және наным-сенім тұрғыларынан біртұтас

ИИР Президенті сейсенбі күні кешке қасиетті Кербала қаласында Ирактың діни басшылары мен тұлғаларының ортасында Иран мен Ирак халықтары мәдени және наным-сенім тұрғыларынан біртұтас екенін қуаттап: «Ешбір ел біртұтас үмбетті бір-бірінен ажырата алмайды»,- деді.

Хасан Рухани Ирактың көшпенді тайпалары мен бүкіл халқын, әсіресе имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған күні Арбағин кезінде бұл елге ағылатын зияратшыларды өте жақсы күтушілер деп атап: «Ирактың, әсіресе Кербала қаласының халқы имам Хусейннің (ғ.с.) Арбағин рәсімдері кезінде зияратшыларды жылы қарсы алады. Ирандықтар Кербаланы жиһад, шәһадат, жанкештілік және адалдық жері деп санайды»,- деді.

Рухани сейсенбі күні Кербалаға енісімен Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.) мен бауыры хазірет Абу әл-Фазл Аббастың қасиетті кесенелеріне зиярат жасады.

 

 

Тегтер