Иран Президенті Наджаф қаласының үлемдерімен кездесті
Хасан Рухани Наджаф қаласында діни тұлға аятолла Мұхаммад Саид Хакиммен кездесуінде Иран мен Ирактың кең ауқымды жақсы қарым-қатынасына тоқталып, екі елдің әріптестікті одан ары дамытуы мен аймақтық және халықаралық мәселелерді шешуде рөл атқаруына жағдайдың басқа кезден көбірек жасалғанын баса айтты.
Хазірет аятолла Мұхаммад Саид Хаким де аймақ өзгерістері, ислам әлемі және дұшпандардың аймақ елдері мен мұсылмандардың арасына іріткі салу мақсатындағы қастандықтарына тоқталып: «Бірлік пен біртұтастықты нығайту арқылы дұшпандардың жоспарларына қарсы тұру керек»,-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ, хазірет аятолла Башир Наджафимен кездесуінде Ирак басшыларымен өткізген келіссөздерінің нәтижесін баяндап, Иранның Теһран-Бағдад қарым-қатынасының барлық салаларда одан ары дамуына мүдделі екенін мәлімдеді.
Хазірет аятолла Башир Наджафи Иранда шынайы ислам үкіметінің құрылғанын әлемдегі үлкен жетістік деп атап: «ИИР-ның іс-әрекеті – әлемдегі шынайы мұсылмандар үшін мақтаныш. Иран –шынайы мұсылмандардың даусы»,-деді.