Ердоған Нетаньяхуды бала өлтірді деп айыптады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41525
Түркия Президенті Израильдің Премьер-министрін Палестина жерінде бала өлтірді деп айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 14, 2019 17:34 Asia/Almaty
  • Ердоған Нетаньяхуды бала өлтірді деп айыптады

Түркия Президенті Израильдің Премьер-министрін Палестина жерінде бала өлтірді деп айыптады.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Анкарада бірнеше жобаның ашылу рәсімінде Беньямин Нетаньяхудың оны «диктатор» деп атағанына білдірген реакциясында: «Нетаньяху – жеті жасар баланы өлтіруден тайынбайтын залым.

Палестина халқының күресі олардың ақтық демдері қалғанша жалғасады»,-деді.

Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жуырда Анкара тарапынан оған қарсы айтылған нәсілшіл айыптарға реакция білдіріп, Түркия Президентін «диктатор» деп атаған болатын.