Иран Президентінің Ирактағы үш күндік кеңесі аяқталды
(last modified Thu, 14 Mar 2019 14:13:00 GMT )
Нау 14, 2019 20:13 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің Ирактағы үш күндік кеңесі аяқталды

ИИР Президенті Иракқа жасаған стратегиялық маңызды сапарының үшінші күні Наджаф қаласына барып, Ирак шиіттерінің жоғары дәрежелі діни тұлғасы аятолла Систанимен кездесіп, сұхбаттасты.

ИИР Президенті Хасан Руханидің Ирак шиіттерінің діни үлгісімен кездесуі ерекше маңыздылыққа ие.  Бұл кездесу екі көрші Иран мен Ирактың жақсы қарым-қатынасын нығайтудың екі елдің саяси ерік-жігерін қажет етумен қоса, Иракта ең жоғары діни үлгінің қолдауына ие болып отырғанын көрсетті.

Ирак қоғамында аятолла Систанидің орны теңдессіз. Осы діни тұлғаның Иракта ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі рөлі ешкімге жасырын емес. Ирак шиіттерінің жоғары дәрежелі діни қайраткерінің ДАИШ тәкфирлік лаңкестік тобымен күресу үшін халықты ел армиясымен бірігуге шақыруының арқасында «әл-Хашд әш-Шааби» деген халықтық күш құрылды. Бұл құрылым әсерлі күшке айналып, Иракта ДАИШ-тың тамырын жойды.

Ирактағы діни тұлғалардың рөлі басқа салаларда да ықпалды. Иран Президентінің аятолла Систанимен кездесуі ДАИШ-тен кейінгі Ирак пен АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары кезеңінде екі елдің саяси-экономикалық ынтымақтастықтарын одан ары кеңейту үшін мықты тірек болады.  

ИИР Президентінің Иракқа сапары барысында Теһран мен Бағдад арасында 5 келісімге қол қойылуы, екі ел халқы үшін 2019 жылдың сәуір айынан бастап сапар визасының тегін болуы, Иран мен Ирак шекаралық аймақтарында өнеркәсіп қалашықтарын салу – осының барлығы екі елдің дамып келе жатқан қарым-қатынасының стратегиялық сипатқа ие екенін көрсетіп отыр. Ешбір үшінші мемлекет бұл жолда кедергі жасай алмайды.   

Иран Президентінің Иракқа жасаған үш күндік сапары мен екі ел басшыларының өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға мүдделік танытуы АҚШ үшін Иран мен Ирактың көршілес елдер ретінде стратегиялық ынтымақтастықты нығайту жолында нық қадам басатынын білдіретін айқын жолдау.

Иран мен Ирак мәдениет, тіл мен дін саласындағы көптеген ортақтықтарына байланысты Ирактың ДАИШ-тен кейінгі кезеңінде ынтымақтастықтарды кеңейту үшін жақсы негізге ие.

Иранның аймақтағы көршілес елдермен саясаты айқын болғандықтан және аймақтық әріптестіктің қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жалғыз жол екенін ескерсек, Иран Президентінің Иракқа жасаған үш күндік сапары мен оның Ирактағы әртүрлі топтардың, соның ішінде шиіттер, сүнниттер, көшпенділер және діни тұлғалармен кездесуі Иранның Батыс Азия стратегиялық аймағында бірлікті көздейтін дипломатиясын көрсетті.

 

Тегтер