Сирия дағдарысында 370 мың адам жан тапсырды
(last modified Sun, 17 Mar 2019 03:30:24 GMT )
Нау 17, 2019 09:30 Asia/Almaty
  • Сирия дағдарысында 370 мың адам жан тапсырды

Сирияның адам құқығын қорғаушы тобы жұма күнгі бір есепте Сирияда болған 8 жылдық соғыстың құрбандар санына тоқталып: "2011 жылы наурызда Сирияда дағдарыс басталғаннан осы күнге дейін 371 222 адам жан тапсырды. Олардың арасында 21 мыңнан астам бала мен 13 мың әйел бар",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның адам құқығын қорғаушы тобының мәліметіне сәйкес бұл статистика бомбалау барысында құрбан болды деп хабарланған адамдарды қамтиды.