Түркия Президенті діни соғыстарды қолдаушыларға ескерту жасады
Нау 17, 2019 19:26 Asia/Almaty
Түркия Президенті: "Крест соғысынан қалғандар Ислам елдерінің, соның ішінде Түркияның дамуын қаламайды",-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған крестшілер соғысын жақтаушылар мен қолдаушыларға: "Сіздердің қарсылықтарыңызға қарамастан, Анкара Құдс пен Газаны қорғайды, йемендік балалар, сириялық мұқтаждар мен аш африкалықтардың даусын әлем халықтарының құлағына жеткізеді",-деді.
Ердоған, сондай-ақ, мұсылмандар мен христиандар арасындағы крестшілер соғысы тақырыбының көтерілуін негізсіз деп атап: "Анкара осындай соғыстардың қайта басталуын қаламайды. Бірақ, бір топ мұны қаласа, тиісті шара қолданады",-деді.
Тегтер