Түркия Президенті діни соғыстарды қолдаушыларға ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41553-Түркия_Президенті_діни_соғыстарды_қолдаушыларға_ескерту_жасады
Түркия Президенті: "Крест соғысынан қалғандар Ислам елдерінің, соның ішінде Түркияның дамуын қаламайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 17, 2019 19:26 Asia/Almaty
  • Түркия Президенті діни соғыстарды қолдаушыларға ескерту жасады

Түркия Президенті: "Крест соғысынан қалғандар Ислам елдерінің, соның ішінде Түркияның дамуын қаламайды",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған крестшілер соғысын жақтаушылар мен қолдаушыларға: "Сіздердің қарсылықтарыңызға қарамастан, Анкара Құдс пен Газаны қорғайды, йемендік балалар, сириялық мұқтаждар мен аш африкалықтардың даусын әлем халықтарының құлағына жеткізеді",-деді.

Ердоған, сондай-ақ, мұсылмандар мен христиандар арасындағы крестшілер соғысы тақырыбының көтерілуін негізсіз деп атап: "Анкара осындай соғыстардың қайта басталуын қаламайды. Бірақ, бір топ мұны қаласа, тиісті шара қолданады",-деді.