Нау 19, 2019 19:39 Asia/Almaty
  • Дамаск пен Теһран және Бағдадтың қарым-қатынасы өте мықты

Сирия Президенті дүйсенбі күні кешке Иран мен Ирактың әскери делегацияларымен Дамасктегі кездесуінде үш елдің қарым-қатынасын өте мықты деп бағалап, оның соғыс кезінде одан сайын нығайғанын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Башар Асад кездесуде сөйлеген сөзінде: «Сирия мен Иран және Ирактың қарулы күштері лаңкестікке қарсы соғыс кезінде жанкештілік көрсетті. Дамаск Иран мен Иракпен жақсы қарым-қатынасқа ие екендігін мақтан тұтады»,- деді.

Иранның Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Мұхаммад Бақери де кездесуде лаңкестікті аймақ үшін қатер деп атап, лаңкестерге қарсы күресіп, Сирияны қорғауды Ирак пен Иранды қорғау деп атады.

 

 

Тегтер