Сирия Голан жоталарына қатысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті
(last modified Wed, 27 Mar 2019 11:06:59 GMT )
Нау 27, 2019 17:06 Asia/Almaty
  • Сирия Голан жоталарына қатысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті

Сирия сейсенбі күні кешке басып алынған Голан жоталарына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті.

 

АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні халықаралық заңдарға қайшы әрі Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзатын әрекетінде Вашингтонның Сирияның Голан жоталарын Израильдің егемендігі деп мойындайтыны туралы құжатқа қол қойды. Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес еуропалық мемлекет Британия, Франция, Бельгия, Германия мен Польша сейсенбі күнгі  ортақ мәлімдемеде Трамптың бұл әрекетін халықаралық заңдар мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзу деп атады.

Исламдық ынтымақтастық ұйымы да Трамптың әрекетін халықаралық заңдар  мен БҰҰ-ның 1967 жылғы №242 және 1981 жылғы № 497 қарарларын әшкере бұзу деп атап, Голан жоталарын халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның қарарлары бойынша Сирияның жері  деп атады.

 

 

 

 

Тегтер