Палестиналықтар "Оралу құқығы" шеруінің бір жылдығына қатысуға дайындалып жатыр
Газа секторындағы Палестина халқы "Оралу құқығы" шеруіне бір жыл толуына орай Жер күні миллиондық шеруге қатысуға дайындалып жатыр.
Израиль армиясы палестиналықтардың бейбіт шеруіне реакциясында Газа секторына жапсарлас шекараларда өзінің әскерилері мен артиллериясын "дайын бол" жағдайына көшірді.
Палестина халқы жедел жәрдем және ақпараттық қызмет көрсететін күркелер орнатып, бүгінгі шеруді миллион адамның қатысуымен өткізуге талпынып жатыр.
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Оралу құқығы" шеруі басталған 2018 жылдың 30 наурызынан осы күнге дейін 266 палестиналық сионистердің оғынан шәһид болып, 16 мыңнан астам адам жараланды",-деп хабарлады.
Осы жағдайда Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) аға мүшесі шейх Хасан Юсеф: "Жер күнінің жылдығы – жалпыұлттық шара. Онда Палестинаның ұлттық армандары мен принциптеріне, соның ішінде тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға және босқындардың өз отанына қайтып оралу құқығына беріктікті сақтау баса айтылады",-деді.