Иран Түркияны қалалары мен ауылдарында сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады
(last modified Mon, 01 Apr 2019 11:34:50 GMT )
Сәу 01, 2019 17:34 Asia/Almaty
  • Иран Түркияны қалалары мен ауылдарында сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Түркия халқын, үкіметі мен саяси партияларын елдің қалалары мен ауылдарында сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні Түркияның қалалары мен ауылдарында сайлаудың ауқымды әрі сәтті өтуімен құттықтап, сайлаудың сәтті өтуі мен азаматтардың ауқымды қатысуын Түркиядағы демократиялық билікпен байланыстырды. Ол аймақ елдеріндегі демократияны аймақтың тәуелсіздігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі деп атады.

Жексенбі күні Түркияның 81 облысындағы қалалар мен ауылдарда сайлау өтті. Алғашқы нәтиже бойынша "Әділет пен даму" партиясы 18 ірі қала мен 26 облыс орталығында дауыс саны бойынша алда келеді.

Тегтер