АҚШ Қызыл крест ұйымы арқылы Иранда селге ұшырағандарға көмек жіберуге тосқауыл қойды
Иран мен Ливан Парламенттерінің басшылары АҚШ-тың Қызыл крест ұйымының Иранда селге ұшырағандарға гуманитарлық көмек жіберуіне тосқауыл қоюын айыптады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани сенбі күні Катарда әлемдік парламентаралық саммит аясында Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берримен кездесіп, Иранда болған су тасқынының адами және қаржылай шығынына тоқталып, америкалықтардың Иранға гуманитарлық көмек жіберуге кедергі келтіріп отырғанын айтты.
АҚШ жуырда Иранның Қызыл жарты ай қоғамына тиесілі есеп-шоттарды бұғаттау арқылы іс жүзінде Қызыл крест ұйымы мен басқа елдерден Иранда селге ұшырағандарға көмек жіберілуіне тосқауыл қойды.
Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берри Иран халқы мен үкіметіне су тасқыны салдарынан азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айтып, АҚШ-тың Иранда селге ұшырағандарға халықаралық көмек жіберудің алдын алу шарасын айыптады.