"Оралу құқығы" атты 54-ші шеруде бір палестиналық жас қыз шәһид болды
(last modified Sat, 13 Apr 2019 15:41:19 GMT )
Сәу 13, 2019 21:41 Asia/Almaty

"Оралу құқығы" шеруінің 54-ші жұмасы "Бәріміз бірге қалыптандыруға қарсы күресейік" деген ұранмен өтті. Онда бір палестиналық шәһид болып, ондаған адам жараланды.

Al-Alam телеарнасының Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 15 жастағы палестиналық қыз Майсаре Мусаның ішіне Газа секторының солтүстігіндегі Джебалияның шығысында сионистік режим әскерилерінің атқан оғы тиіп, шәһид болды.

Сондай-ақ, Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі 66 палестиналықтың, соның ішінде бірнеше тілші мен құтқарушының жараланғанын  хабарлады.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) аға мүшесі Исмаил Резван  "Оралу құқығы" шеруінің 54-ші жұмасы аясында Газа қоршауы жойылып, палестиналық босқындардың қайтып оралу құқығы орындалғанға, "Ғасыр мәмілесі" жеңіліс тапқанға дейін шеруді жалғастырып, сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандырумен күресу қажеттігін қуаттады.