Зариф Дамаск пен Анкараға сапар шекті
Мохаммад Джавад Зариф сейсенбі күні саяси делегацияны басқарып, Иран, Сирия және Түркия басшылары кеңесулерінің жалғасында Дамаскке келді.
Зариф бұл сапарының мақсаттарына тоқталып: «Аймақтағы жуырдағы оқиғаларға назар аударып, әсіресе АҚШ үкіметі мен сионистік режимнің саяси және майдандық сәтсіздіктерінен кейінгі дұшпандық саясаттары, әсіресе Трамптың Голан жоталарын сионистік режимнің иелігі, Құдсты Израиль режимінің астанасы, АҚШ үкіметінің Сақшылар корпусын лаңкестік топ деп жариялаған заңсыз әрі ақымақ әрекеттерінен кейін майданда жеңіске жету және аймақ саясаттарын үйлестіру үшін талпыныс жасау керек»,- деді. Зариф бұл салада Сирия Президенті Башар Асадпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынастардың әртүрлі тұрғылары, аймақтың маңызды мәселелері мен Сириядағы дағдарысты шешуге қатысты саяси үдеріс туралы пікір алмасты. Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, сириялық әріптесі Валид Муаллеммен кездесуінде екіжақты қарым-қатынас, аймақ пен әлем өзгерістерін талқылауымен бірге барлық лаңкестердің Сириядан шығу қажеттігі мен сол елдің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеуді қуаттады. Бұл кеңесулер «Астана келіссөздері» үдерісінде қуатталған лаңкестікпен күрес, Сирияда тыныштық орнату, босқындарды қайтару және Сириядағы саяси тұрақтылықты нығайту тақырыптарын талқылады.
Халықаралық мәселелер бойынша ресейлік жетекші маман Сергей Бабурин лаңкестердің Сириядағы позицияларынан айырылуын Мәскеу, Теһран және Анкара талпыныстарының нәтижесі деп атады. Бұл талпыныстар Сирия үкіметі мен халқының лаңкестікпен қарсыласуымен бірге аймақты үлкен қатерден құтқарды. Дегенмен, бұл салалардағы талпыныстарды үйлестіру үдерісін жалғастыру керек. Сондықтан Иран Сыртқы істер министрі бүгін де Анкарада Түркия басшыларымен кеңесу өткізді. АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясының Сирияға соғыс таңудағы мақсаты қарсыласу ағымын сәтсіздікке ұшыратып, Ирак пен Сирияның географиясына өзгеріс енгізу, сондай-ақ аймақтың саяси және қауіпсіздік теңгерімін өзгерту болды. Бірақ, ДАИШ-тың жеңілуімен бұл ағым өзгерді. Қазір Сирия жағдайы АҚШ-тың аймақ халықтарының тағдырына араласуы арқылы өз мақсаттарына жете алмағанын көрсетті. АҚШ-тың қалауына қайшы Сирия үлкен жеңістерге жетті. Сирияда лаңкестердің сәтсіздікке ұшырауымен «Астана келіссөздері» үдерісі және Сочи отырысының шешімдері бойынша, үкімет пен қарсыластары арасында келіссөз өткізу үшін жағдай туды.
Зариф Дамаскке жасаған бір күндік сапарынан кейін Анкараға келіп жетті. Оны Түркия басшылары қарсы алды. Зариф журналистерге берген сұхбатта сириялық басшылармен кездесулерінің нәтижелерін баяндап, Иранның Сирия қиындықтарын аймақ келіссөздері арқылы шешуге үміттенетінін мәлімдеді.
Зариф: «Біз Сирия мәселесін аймақ мемлекеттері арасындағы келіссөздер арқылы шешкіміз келеді. Бұл екі сапар кезеңнің қажеттіліктеріна орай іске асырылды. Аймақ мәселелерін шешуге көмектесе аламыз деп үміттенемін».
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, биыл Түркияға екінші рет сапар шегіп отырғанына тоқталып, сапардың мақсатын Сирия мәселелері мен екіжақты қарым-қатынастарды талқылау деп атады.
Зариф: «Түркия сапарында да аймақ, әсіресе Сирия мен Солтүстік Африка туралы пікір алмасамыз. Түркиямен екіжақты қарым-қатынас туралы жақсы келіссөздер жүргіздік. Президентіміз Хасан Рухани сапар шекті, басқа сапарлар да қарастырылды».
Еліміздің Сыртқы істер министрі Түркия Сыртқы істер министрі және сол елдің Мәжіліс спикерімен кездесіп, аймақтың екіжақты мәселелері туралы сұхбаттасады.