Ислам үкіметтері Сауд Арабиясындағы мұсылмандардың қазасына үнсіздік танытпауы керек
Иранның әйгілі ғұламаларының бірі аятолла Сафи Голпайгани жолдауында бірқатар шиіт мұсылманның Сауд режимінің тарапынан шәһид болғанына көңіл айтып, ислам үкіметтерінің өз міндеттерін ұмытпауы қажеттігін қуаттады.
Mehr ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аятолла Софи Голпайгани бейсенбі күнгі Құм қаласын жасаған жолдауында мұсылмандардың Сауд Арабиясы режимінің қолынан қаза болуына өкініш білдіріп: «Бұл залым режимнің тарихында жазықсыз жастардың қаза болуы халықаралық қоғам мен адам құқығын қорғайтын ұйымдар үшін ұят мәселе. Ислам үкіметтері неліктен бұл зорлық-зомбылыққа үнсіздік танытады?»- деді.
Сауд Арабиясы 2019 жылдың сәуір айының 23 күні лаңкестікпен күресті сылтауратып, өлім жазасына кесілген 37 саудиялық азаматтың үкімін іске асырды.