Maм 01, 2019 15:48 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты Иранның сабыры таусылуға шақ қалды

Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Аракчи АҚШ-тың ұстанымына қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қатерге тірелгенін, кез келген уақытта жойылуы мүмкін екеніне тоқталып, Иранның сабыры таусылып бара жатқанын мәлімдеді.

Иран мен Түркия арасында саяси кеңес жүргізу үшін Анкараға аттанған Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні Анкарада өткен Түркияның стратегиялық зерттеу орталығының саяси конференциясында: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан бері бір жыл өтті. Бірақ еуропалық үш мемлекет – Британия, Франция мен Германия осы уақытқа дейін келісімдегі Иранның мүдделерін сақтайтын шешім жолын тапқан жоқ»,- деді. Арақчи Еуропа мен Иран арасында сауда байланыстарын жүргізуге қатысты арнайы INSTEX қаржы желісінің осы уақытқа дейін іске қосылмағанын қуаттап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне қайшы болған АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу шешімі Иранның халықаралық келісімдерге сенімін азайтқанын айтты

 

 

Тегтер