АҚШ пен сионистік режим аймақта тағы бір соғыс бастауды көздеп отыр
(last modified Fri, 03 May 2019 12:27:40 GMT )
Maм 03, 2019 18:27 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла АҚШ пен кейбір елдердің ақпарат құралдары аймақта қалыптасқан жағдайды өршітіп жатқанын, бұл сионистік режимнің соғыс бастауына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Сейед Хасан Насролла бейсенбі күні: «Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдері, АҚШ пен сионистік режим жуырда Ливанға қарсы соғыс туралы қауесет таратты. Оның мақсаты – Ливанды қысымға алу. Ливанға қысым жасаудың негізгі мақсаты – Мазария Шабаа шекараларында басымдыққа ие болу»,-деді.  

Ливан Хезболласының бас хатшысы сөзінің келесі бір бөлігінде: «Қазір Хезболланың Сирия соғысына қатысу туралы шешімінің дұрыс болғаны айқындалды. Сирияда америкалық-саудиялық қастандық орындалды. Сирия жерінің 45 пайызын жаулап алған ДАИШ осы қастандықтың салдары. «Сирия мен Ирактағы ДАИШ-ке кім қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсетіп отырды?» деп сұрау керек. ДАИШ-ты саудиялықтар ваххабизм идеологиясы негізінде құрды. Сондықтан солардың қаржылай қолдауына ие болып келді»,-деді.