Иран мен Ирак – Батыс Азиядағы ықпалды ойыншылар
(last modified Fri, 03 May 2019 13:32:50 GMT )
Maм 03, 2019 19:32 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак – Батыс Азиядағы ықпалды ойыншылар

Иранның Қорғаныс министрі генерал-майор Амир Хатами: «Ирандық және ирактық жауапты жастардың қаны – екі елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Егер олардың әріптестігі болмағанда, Ирак бейбітшілік пен қауіпсіздікке дұшпандар тарапынан бөлшектенген болар еді»,-деді.

Генерал-майор Амир Хатами бейсенбі күні Теһранда Ирак армиясының теңіз, әуе және әуе-қорғаныс күштері қолбасшыларымен кездесуінде Иран мен Ирактың қорғаныс саласындағы әріптестігінің аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауына себеп болатынын мәлімдеді.

Ирактағы қазіргі тұрақтылық пен қауіпсіздік бұл елде ДАИШ лаңкестік тобын жеңгеннен кейін орнады. 2014 жылы Ирактың солтүстік-батысынан әскери амалдарын бастап, елдің басқа өңірлеріне жылдам тарап, тіпті ел астанасы Бағдадқа дейін жеткен ДАИШ Ирактың көршісі Иранның әріптестігі және армия мен халықтық күштердің талпыныстарының арқасында жеңіліске ұшырады.

Иран мен Ирактың әріптестігі, халықтық күштерінің ерліктері және Ирактың дін саласының көрнекті тұлғаларының қолдауы ДАИШ-тың бұл елде жариялаған халифатын жойды. Бүгінде Ирак жаңа кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ол шынайы одақтастардың әріптестігін бұрынғыдан да көбірек қажет етеді.

ДАИШ лаңкестік тобымен соғыста Иракпен бірге алғы шепте болған Иран бүгінде сол елде лаңкестікпен соғыстан қалған қирандыларды қайта жөндеп, дамытуға көмектесуде де алғы шепте тұр.

Ирак көрші ел болғандықтан ИИР-ның назарына алынып отыр. Батысындағы көрші елде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің болуы Иранда да тұрақтылық пен қауіпсіздік болатынын білдіреді.

Осыған орай Иран Қарулы күштерінің бас штабының басшысы генерал-лейтенант Мұхаммад Бағери бейсенбі күні Теһранда Ирактың жоғары лауазымды әскери делегациясымен кездесуінде: «Ирактағы қауіпсіздік, тыныштық, мерей мен даму Иранның қауіпсіздігі және дамуымен тең. Теһран бұрынғыдай бар күш-қуатымен Бағдадтың қасынан табылады»,-деді.

ДАИШ-тан кейінгі кезеңдегі Ирактың қауіпсіздік жағдайы қорғауға келгенімен ДАИШ-тың кейбір мүшелерінің елде қалуы және осы лаңкестік топ басшысының жуырда телеарнадан көрінуі әлі күнге дейін Ирактың қауіпсіздігіне алаңдаушылықтың бар екенін аңғартады.  АҚШ-тың «New York Times» газеті  халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Колин Бикларкқа сілтеме жасап: «ДАИШ басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың теледидардан тосын сөйлеуі осы лаңкестік топтың Иракта қалған мүшелері мен демеушілерге қолдау көрсетуге жасаған талпынысы болуы мүмкін»,-деп жазды.

Осындай жағдайда Иран мен Ирактың әскери-қорғаныс саласындағы әріптестігін жалғастыру екі елдің саяси және әскери басшыларының назарына алынып отыр.

Теһран мен Бағдад бұл күндері саяси, әскери және дипломатиялық орталыққа айналған. Батыс Азия стратегиялық аймағының маңызды ойыншылары Иран мен Ирак әріптестігінің ықпалы айқын байқалады.   

 

Тегтер