Палестина қарсыласу қозғалысы басып алынған жерлерді зымыранмен атқылады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i42018-Палестина_қарсыласу_қозғалысы_басып_алынған_жерлерді_зымыранмен_атқылады
Палестина қарсыласу қозғалысы жексенбі күні таңертең сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарына жауап ретінде басып алынған жерлерді 50 зымыранмен атқылады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 05, 2019 14:43 Asia/Almaty
  • Палестина қарсыласу қозғалысы басып алынған жерлерді зымыранмен атқылады

Палестина қарсыласу қозғалысы жексенбі күні таңертең сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарына жауап ретінде басып алынған жерлерді 50 зымыранмен атқылады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, палестиналық ақпарат құралдары басып алынған Палестинадағы Баер ас-Саба, ән-Неғеб, Димона, Ашкелон аудандары мен «Хатсерим» әуе базасы және «Неватим» әскери әуежайының Палестина қарсыласу қозғалысының зымырандық шабуылына ұшырағанын, Палестинада дабыл қосылғанын, сонымен қатар ондаған сионистің Палестина қарсыласу қозғалысының зымырандық шабуылынан қаза болып, жараланғанын хабарлады.

Палестина қарсыласу қозғалысының зымырандық шабуылы сионистердің зәре-құтын қашырды. Палестина қарсыласу қозғалысының зымырандық шабуылдары сионистердің соңғы күндері Газа секторында жасаған қылмыстарына жауап ретінде жасалды. Сионистік режимнің қырғи ұшақтары мен тікұшақтары жұма күні кештен бүгінге дейін Газа секторының әртүрлі аудандарын нысанаға алды. Сионистік режимнің армиясы сенбі күні кешке Газа секторындағы 70 нысанаға шабуыл жасағанын хабарлады.

Бұл шабуылдарда осы күнге дейін кемінде 8 палестина шәһид болып, ондаған адам жараланды.