Ердоған саудиялықтарға: Сіздердің әділеттіктеріңіз қайда?
https://itolqyn.com/news/west_asia-i42087
Түркияның Президенті сенбі күні кешке эр-Риядтың саудиялық тілші Джамал Хашогджиге жасалған террорға қатысты үнсіздігін сынап, Сауд Арабиясы басшыларына: "Сіздердің әділеттіктеріңіз қайда?"-деп сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 12, 2019 17:18 Asia/Almaty
  • Ердоған саудиялықтарға: Сіздердің әділеттіктеріңіз қайда?

Түркияның Президенті сенбі күні кешке эр-Риядтың саудиялық тілші Джамал Хашогджиге жасалған террорға қатысты үнсіздігін сынап, Сауд Арабиясы басшыларына: "Сіздердің әділеттіктеріңіз қайда?"-деп сұрады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған Стамбұлдағы бір ауызашарда: "Сауд Арабиясы Стамбұлға келіп, Хашогджиді өлтірген адамдар туралы ешқандай ұстаным білдірген жоқ",-деді.  

Ердоған, сондай-ақ, Батыс елдерін сынап: "Батыс әрдайым өз мүдделерін адамдық құндылықтардан жоғары қойып, мұнай мен долларға мойын ұсынып келеді",-деді.