Жерлері басып алынғаннан бері 100 мың палестиналық шәһид болды
Палестинаның орталық статистика кенсесі Палестинаның басып алынуының 71 жылдығына байланысты мәлімдемесінде өткен жылдарда қаза болған палестиналықтардың санының шамамен 100000 адамға жеткені туралы жариялады.
Палестина баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәліметтер бойынша, 1967 жылдан осы күнге дейін сионистік режим шамамен бір миллион рет палестиналықтарды қамауға алуға әрекеттенді. Бұл мәліметтерге сай осы кезде 5700 палестиналық олардың ішінде 250 бала және 47 әйел сионистік режимнің абақтыларында қамалуда.
Тек 2018 жылы шамамен 6500 палестиналық, олардың ішінде бір мыңнан астамы бала және 140 әйел израильдік әскерилермен құрықталды. Сондай-ақ Палестинаны басып алу ағымында басып алынған жерлерде өмір сүретін 1 миллион 400 мың палестиналықтың шамамен 800 мыңы босқынға айналды.
Палестина халқы сионистік режимнің заңсыз құрылған 1948 жылдың 15 мамырын «Бақытсыздық күні» деп атады.