Ирак Президенті Иранмен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады
Ирак Президенті Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде Бағдад-Теһран қарым-қатынасын нығайтудың маңыздылығын қуаттады.
Ирак Президенті Бархам Салех сенбі күні Бағдадта Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде Иран және басқа да ислам елдерімен байланыстарды нығайтуды аймақта тұрақтылықты арттыру және ортақ мүдделер аясында тең қарым-қатынас орнатудың факторы деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те осы кездесуде Теһран-Бағдад әріптестігінің кеңеюін қалайтынын айтып: "Иран барлық салада Иракты қолдайды",-деді.
Зариф, сондай-ақ, ИИР Президенті Хасан Руханидің Ирак Президентін ресми түрде Теһранға шақыру хатын Бархам Салехке табыстады. Ол бұл шақыруды жылы қабылдады.