Зариф: Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен жақсы қатынаста болуға мүдделі
(last modified Mon, 27 May 2019 09:14:08 GMT )
Maм 27, 2019 15:14 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен жақсы қатынаста болуға мүдделі

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның Парсы шығанағы маңындағы елдермен жақсы қатынаста болуды қалайтынын айтып: "Иран текетіресті жоюға бағытталып, диалог өткізуге негізделген барлық ұсыныстарды қолдайды",-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Бағдадта Ирак Сыртқы істер министрі  Мұхаммадәли әл-Хакиммен ортақ баспасөз конференциясында АҚШ-тың Иранға қарсы зұлым санкцияларына тоқталып: "Иран дұшпандардың экономикалық және әскери салалардағы кез келген қоқан-лоққысына төтеп беруге толық дайын",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Еуропа елдерін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік болмағаны үшін сынап: "АҚШ заң бұзып, халықаралық қарарларды аяқ асты ету арқылы күш көрсетіп, басқа елдерді өзінің біржақты шараларына жақтасуға мәжбүрлеп жатыр",-деді.

Ирак Сыртқы істер министрі  Мұхаммадәли әл-Хаким де осы отырыста Иранға салынған санкцияларды сынап: "Бағдад бұл санкцияларға қарсы, сондықтан Иранға осы қиындықтан өтуге көмектеседі",-деп мәлімдеді.