Мекке отырыстары Сауд Арабиясының сергелдеңге түсіп, тығырыққа тірелгенін айқындай түсті
Сауд Арабиясы бейсенбі және жұма күндері Меккеде 3 отырыс өткізді. Бұл отырыстар бөгделердің мақсаттарына қызмет ету үшін ұйымдастырылып, Сауд әулеті режимінің сергелдеңге түсіп, тығырыққа тірелгенін айқындай түсті.
Сауд Арабиясы бейсенбі күні Меккеде араб басшылары саммиты мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі басшыларының саммитын өткізді. Ал жұма күні Меккеде Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты өтті.
Осы отырыстардағы ойландыратын жайт олардың Дүниежүзілік Құдс күнімен бір мезгілде өтуі болды. Саудиялық басшылар Меккеде осы отырыстарды және одан бұрынырақ Манама және Джидда отырыстарын өткізу арқылы Құдс күнінің шеруін қайшылық тудырушы ағымдардың ықпалына түскен маңызсыз оқиға деп көрсетуге талпынды.
Осы орайда Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі жұма күні таңертең кеңес басшылары саммитінің соңында жасаған мәлімдемесінде ИИР-ға қарсы жалған айыптарын қайталап, Иранды аймақ елдерінің ісіне араласады деп айыптады.
Алайда осы көзбояушылықтың мақсаты не?
Өткенге шолу жасау осы сұраққа жауап бере алады. Алғаш рет Палестина туралы бітім жобалары 1993 жылы Осло конференциясында ұсынылды. Бірақ онда бейбітшілік орнату және палестиналықтардың басты құқықтарын орындауға қатысты белгілер байқалмады. Сондықтан бұл конференцияның ісі тоқтатылды. 14 жылдан кейін Джордж Буш «Анаполис» бейбіт конференциясын ұсынды, бірақ онда Ослодан артық ештеңе бола қойған жоқ. Одан кейін «Күз бітімі» конференциясы сияқты отырыстар ұйымдастырылды, бірақ олар да басқалары сияқты басынан-ақ жеңіліске ұшырады. Өйткені бұл жобалардың барлығының ортақ нүктесі бір топтың сионистік режимді жақтауы болды. Бүгін де мұның ізін Мекке және Манама отырыстарынан көруге болады.
Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, Осло конференциясынан «Ғасыр мәмілесіне» дейінгі жобалардың ешқайсысы аймақта тұрақты бейбітшілік пен тыныштық орнатуды көздемеді. Өйткені Палестинаның жапа шеккен халқының құқықтары тек палестиналық босқындардың өз еліне қайтып оралып, басып алынған жерлерде негізгі тұрғындардың жаппай қатысуымен референдум өткізу арқылы ғана орындалады.
Тарих көрсеткендей, сионистік режимнің болмысы террор, басқыншылық, қатігездік пен қоқан-лоққыға құрылған. Қылмыскер Израиль 70 жылдан аса уақыт бойы басып алынған жерлерде түрлі қылмыстар, жаппай қыру мен геноцид жасады. Енді сионистердің мақсаты – аймақта дағдарыс тудыру және бүлдіргі сипаттағы коалициялар құру арқылы осы басқыншылықты бекіту. Ал эр-Рияд басшылары дағдарыс тудыруда Израиль режиміне көмектесіп отыр.
Араб әлемі мәселелерін сараптаушы Хасан Ханизаде Quds Online-ға берген сұхбатында эр-Риядтың Мекке саммиттерін өткізудегі мақсаттарын саралай келіп: «Сауд Арабиясы Йеменде әскери жеңілістерге, аймақта саяси жеңілістерге ұшырағандықтан, одақ пен ынтымақтастық кеңесінде ауызбірлік тудыру арқылы Иранға қарсы араб жиынын құрғысы келеді. Мұнымен қоса, Сауд Арабиясы бұрындары ИИР-ға қарсы иврит-араб майданын құруға талпыныс жасады. Бірақ бұл сәтсіз аяқталып, ол ауыр саяси шығынға ұшырады»,-деді.