Сирияға зымырандық шабуыл – Нетаньяхудың ішкі түйткілден қашуы
(last modified Sun, 02 Jun 2019 13:25:55 GMT )
Маусым 02, 2019 19:25 Asia/Almaty
  • Сирияға зымырандық шабуыл – Нетаньяхудың ішкі түйткілден қашуы

Израиль режимі жексенбі күні таңертең екі рет Дамаск пен Канитара облыстарына шабуыл жасады.

Жексенбі күні таңертең (2 маусымда) басып алынған Голан жоталарынан бірнеше зымыран Дамаск облысының оңтүстігіне қарай атылды. Сирия армиясының әуе-қорғаныс күштері оларды залалсыздандырды. Содан соң сионистік режимнің қырғи ұшақтары Канитара облысының шығысына шабуыл жасады. Соның салдарынан 3 сириялық сарбаз қаза тауып, 7 адам жараланды.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Сирияға шабуылдарын түсіндіру үшін Дамаск тарапынан Голан жоталарына бір зымыран атылғанын сылтауратты, бірақ  мұның бос уәж екені анық, өйткені Сирия армиясының әуе қорғаныс күштері басып алынған Голан жоталарынан атылған бірнеше зымыранды залалсыздандырды, бірақ ешқандай шабуыл бастамады. Израильдің Сирияға қайта басқыншылық жасау себебін Нетаньяхудың басып алған жерлердегі жағдайымен байланыстыруға болады.

Беньямин Нетаньяху басып алған жерлерде ең нашар саяси жағдайда тұр. 9 сәуірде мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда өзінің негізгі бәсекелесі генерал Бани Гантес пен оның одақтастары алдында минималды жеңіске жеткен Нетаньяху 42 күн өтсе де, жаңа министрлер кабинетін құра алмады. Нетаньяху биліктен кетудің алдында тұрып, сионистік режим басшысы басқа адамды министрлер кабинетін құруға ұсына алған жағдайда Кнессет депутаттары оны таратуға дауыс беріп, қыркүйек айында жаңа сайлау өткенге дейін Нетаньяхудың Премьер-министр лауазымын ұстап тұруына жағдай жасады.

Израильдің "Гаарец" газеті Нетаньяхудың жаңа кабинет құра алмауына тоқталып: "Нетаньяхудың дәуірі аяқталды, тіпті оның өзі кері санақтың басталғанын біледі ",-деп жазды.

Кабинет құра алмау  Нетаньяхудың басып алған жерлердегі жалғыз маңызды түйткілі емес. Ол басқа да маңызды түйткілмен бетпе-бет келіп отыр. Бұл тіпті Нетаньяхудың сотталуына алып келуі мүмкін. Нетаньяху 4 жемқорлық ісіне қатысы бар деп танылды. Ол осы істерге қатысты үкімнің жаңа кабинет құрылғаннан кейін шығарылуына көп талпыныс жасады. Алайда кабинет құрылмады. Израиль прокуратурасы Нетаньяхудың қыркүйек сайлауына қатысуы үшін үкім шығаруды алдағы қазан айына қалдырды. Бірақ оның бәсекелестері тағы да осы жемқорлық істеріне шүйлігіп отыр.

Мұнымен қоса, Нетаньяхудың мигранттарға берген уәделерін орындауда сәтсіздікке ұшырауы басып алған жерлерден көшу үдерісін күшейтті. Бір жағынан, соңғы апталарда инфляция деңгейінің өсуі мен қымбатшылыққа наразы халықтың шерулері көбейді. Екінші жағынан, Нетаньяху кабинетінің саясаттары оқыған адамдар мен мигранттардың елден қашу үдерісін күшейтті.

Осы түйткілдерді назарға ала отырып, Нетаньяху 40 күн ғана жұмыс істеген Парламент таратылғаннан 3 күн өткен соң Сирияға шабуылын тағы да қайталады, сөйтіп, ол қоғамдық пікірдің назарын ішкі түйткілдерден алдарқатуды көздеп отыр.    

Тегтер