Нетаньяхудың әрекеттері: негізсіз уәждерді қайталаудан Иранға қарсы пассивті саяси талпыныстарға дейін
https://itolqyn.com/news/west_asia-i42368
Осы күндері ел ішінде және аймақтық сахнада қатты саяси сәтсіздіктерге ұшыраған сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға қарсы уәждер айтып, өз кінәсін өзгеге таңу арқылы өзін белсенді де ықпалды саясаткер ретінде көрсетуге талпынып жатыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың әрекеттері: негізсіз уәждерді қайталаудан Иранға қарсы пассивті саяси талпыныстарға дейін

Осы күндері ел ішінде және аймақтық сахнада қатты саяси сәтсіздіктерге ұшыраған сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға қарсы уәждер айтып, өз кінәсін өзгеге таңу арқылы өзін белсенді де ықпалды саясаткер ретінде көрсетуге талпынып жатыр.

Ол жұма күні Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен телефон арқылы сұхбаттасып, әлемнің Иранға қысымды сақтап қалу қажеттігін айтты. Синдзо Абэ жуырда Теһранға ресми сапармен барады деп жоспарланған.

Нетаньяху бейсенбі күні басып алынған Палестина жерінде АХҚА Бас директорының бұрынғы орынбасары Эли Хайноненмен кездесіп, ИИР-ға қарсы негізсіз уәждерін қайталап: "Теһран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарамастан, ядролық қаруға қол жеткізуге талпынуда",-деп уәж айтты.

Нетаньяху Иранды өтірік айтады деп айыптап: "Иран атом бомбалары қоймасына қарай қозғалысын жалғастыруда",-деп уәж айтты.

АҚХА-ның өткен есебінде және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы орындала бастағаннан бергі жалпы 15 есебінде Иранның осы келісімге толық берік екенін және бұл елдің ядролық бағдарламасының әрдайым бейбіт мақсатта болғанын растаған жағдайда Нетаньяху осындай уәждер айтып отыр.

Нетаньяхудың бұл өтіріктерден екі мақсатты көздейтіні анық: бірінші мақсат – АҚШ-Израиль-Сауд Арабиясының ортақ стратегиясы ретіндегі "Ираннан үркіту" үдерісін күшейту, екінші мақсат – Израильдің ядролық жұмыстарының өткені мен бүгініне қатысты шындықтарды жасырын сақтау.

АҚШ-тың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Макгеорг Банди бірнеше жыл бұрынғы жазбасында "Израиль Франция басшыларының көмегімен 1960 жылдың маусым айында өз реакторларын салуды бастағанда Тель-Авив басшылары АҚШ елшілігіне бұл бір керамика шығаратын зауыт деп айтқан" деп әшкереледі.

Керамикалық зауыт болуы тиіс болған нысандар "Димона" ядролық кешеніне айналып, Израиль АҚШ-тың хабардарлығымен бұл кешенде ядролық қарулар жасай бастады.

Жарияланған мәліметтер бойынша, қазір Израильде 200-400 ядролық оқтұмсық бар. Сионистік режим мен АҚШ шын мәнінде ядролық қарулардан адам Таяу Шығысты қалыпастыру жолындағы ең негізгі кедергілер болып саналады.

Израильдің "Маарив" газеті осыдан біраз бұрын Беньямин Нетаньяхудың Иранның ядролық бағдарламасы туралы уәждерін келекелеп, осындай әрекеттердің басты дәлелін Израильдің Сирияда көздеген саясатының толығымен ойран болуы деп атады.

Сионистік режим Премьер-министрі Иранды ядролық қару жасауға талпынады деп айыптап отыр. Ал Ислам революциясының жетекшісі х.ш.ж.с.б. 1390 жылдың фарвардин айында пәтуа шығарып, кез келген ядролық қару жасау және қолдануды харам деп жариялап: "Біз бұл қаруларды қолдануды харам санаймыз және адамзат баласын осы үлкен апаттан сақтауға талпынуды баршаның міндеті деп білеміз",-деді.

Әрине, Нетаньяхудың бұл уәждері Иранның ядролық бағдарламасы, зымырандық әлеуеті, қорғаныс және тежегіш қуатына ғана бағытталған жоқ. Иранды Фуджайра айлағында бірнеше танкердің жарылу оқиғасына қатысы бар деп айыптау да осындай сценарийлердің бір бөлігі болды.