Маусым 08, 2019 17:33 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы ядролық қаруларға қол жеткізуді көздейді

Америкалық ақпарат құралдары Сауд Арабиясының Ақ үйдің қолдауымен ядролық қаруларға қол жеткізуді көздейтінін хабарлады.

CNN телеарнасының сенбі күні хабарлауы бойынша, эр-Рияд ядролық қаруларға қол жеткізуді көздейді және АҚШ Президенті Дональд Трамптың жанұясы осы жолда саудиялықтарға көмектеседі.

Бұл мәліметте айтылғандай, Трамптың аймақтың жағдайы туралы көтерген шуы Сауд Арабиясымен құны 110 млрд доллар тұратын әскери келісімшартқа қол қойылуына себеп болды.

Қару-жарақтардың Йеменмен соғыста жазықсыз халыққа қарсы қолданылып жатқанына қарамастан Ақ үй Сауд Арабиясы жерінде дамытылған бомба бөлшектерін жасауға рұқсат берді.

Төтенше жағдайдағы рұқсаттың берілуі АҚШ-тың Raytheon қорғаныс компаниясына Сауд Арабиясымен осы елде F-15 қырғи ұшақтары, танкілерге қарсы зымырандар мен басқа да жабдықтарды жарақтауға қажетті дамытылған бомбалардың 120 мың бөлшегін жасау үшін әріптесуге мүмкіндік береді.

Тегтер