Иран мен Түркия басшылары өзара байланыстарды нығайтуға ерік-жігер танытты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i42376
Иран Президенті мен Түркия Президенті екі елдің өзара қарым-қатынасын одан ары дамыту, нығайту және тереңдету үшін қолда бар әлеуеттер мен мүмкіндіктерді қолдану қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 09, 2019 19:34 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия басшылары өзара байланыстарды нығайтуға ерік-жігер танытты

Иран Президенті мен Түркия Президенті екі елдің өзара қарым-қатынасын одан ары дамыту, нығайту және тереңдету үшін қолда бар әлеуеттер мен мүмкіндіктерді қолдану қажеттігін қуаттады.

ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сенбі күні Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында Түркия үкіметі мен халқын Ораза айтпен құттықтап, Судан, Ливия, Йемен мен Ауғанстан сияқты аймақ елдерінде қантөгіс пен халықты жаппай қырудың жалғасып жатқанына өкініш білдіріп: "Иран мен Түркия бірлесу арқылы және басқа да дос әрі бауырлас елдердің әріптестігімен бұл қатерлі үдерісті тоқтатып, аймақ пен ислам әлемінің мәселелерін тиісті деңгейде шеше алады",-деді.

Түркия Президенті де Иран үкіметі мен халқын Ораза айтпен құттықтап, АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты зұлым санкцияларын сынап: "Анкара ешқашан бұл санкцияларды қабылдамайды. Ол Теһранмен әріптестікті кеңейтуді көздеп отыр",-деді.