Палестиналық қайраткер Израильдің темір жол салу жобасы туралы ескерту жасады
(last modified Wed, 03 Jul 2019 12:44:00 GMT )
Шіл 03, 2019 18:44 Asia/Almaty
  • Палестиналық қайраткер Израильдің темір жол салу жобасы туралы ескерту жасады

ФАТХ қозғалысы басшысының орынбасары Махмуд әл-Олул сионистік режимнің араб елдерімен қарым-қатынас орнатуды көздейтін темір жол салу жобасы туралы ескерту жасады.

Израильдің темір жолын Иордания арқылы Батыс Азия темір жол жүйесіне қосуды көздейтін бұл 550 миллион долларлық жоба өткен жылы сионистік режимнің 2019 жылғы бюджетіне енгізілді. Хайфа-Парсы шығанағы темір жол жобасы 2015 жылы сионистік режимнің қауіпсіздік және жол министрі Исраиль Кацпен баяндалған болатын.

«Әл-Құдс әл-Араби» арнасының мәліметінше, Палестина Автономиялық құрылымы басшысы Махмуд Аббастың орынбасары сейсенбіде Хайфа-Парсы шығанағы темір жол жобасын араб елдері мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруды көздейді деп тауып, араб халықтарының басқыншылардың бұл әрекетіне қарсыласу саласында қырағы болуларын қуаттады. Ол АҚШ-ты сионистік режим саясаттарының қолдаушысы және бұл режимнің басқыншылығы мен қалашықтар құрылысының демеушісі деп атап: «Палестиналық басшылар барлық мүмкіндіктерімен бұл әрекетке қарсыласуға бүкіл күшін салады»,- деді.