Әрбір 10 минутта бір йемендік бала көз жұмады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i42859
Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке кемінде 2 млн 300 мың йемендік бала дұрыс тамақтанбай жүргенін айтып: "Әрбір 10 минутта дұрыс тамақтанбау салдарынан бір йемендік бала көз жұмады",-деп ескертті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 27, 2019 19:34 Asia/Almaty
  • Әрбір 10 минутта бір йемендік бала көз жұмады

Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке кемінде 2 млн 300 мың йемендік бала дұрыс тамақтанбай жүргенін айтып: "Әрбір 10 минутта дұрыс тамақтанбау салдарынан бір йемендік бала көз жұмады",-деп ескертті.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде тырысқақ ауруының қайта таралып жатқанын хабарлап: "Йеменде бұл аурудың құрбандар саны 3700 адамға жетті",-деп мәлімдеді.  

Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, осы күнге дейін елдің әртүрлі өңірлерінде 1 млн 900 мың адам тырысқақ ауруына шалдыққан.

Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдары жалғасып, осы елдің инфрақұрылымдық нысандарын, әсіресе су жүйелерін бұзуы салдарынан тырысқақ ауруы елде жылдам таралып жатыр.