Соңғы 6 айда Газа секторында 54 палестиналық шәһид болды
Шіл 31, 2019 17:03 Asia/Almaty
Палестинаның адам құқығы орталығы сионистік режимнің 2019 жылдың алғашқы жартысында Газа секторында 54 палестиналықты өлтіргенін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің сейсенбі күні хабарлауынша, Газа секторында орналасқан "Әл-Мизан" адам құқығы орталығы: "2019 жылдың алғашқы жартысында сионистер 3723 палестиналықты жаралады",-деп хабарлады.
Бұл орталық, сондай-ақ, Газада шәһид болғандардың арасында 12 бала мен 4 әйелдің болғанын айтып, осы аралықта 88 палестиналықтың қамауға алынғанын, олардың арасында 22 бала барын мәлімдеді.
"Әл-Мизан" адам құқығы орталығы әлемдік қауымдастықтан сионистік режимге қысым жасап, Газа секторын заңсыз қоршауын тоқтатуды сұрады.
Тегтер