Ислам революциясының жетекшісі Халифе әулеті режимінің Бахрейндегі соңғы қылмысына реакция білдірді
(last modified Thu, 01 Aug 2019 10:02:29 GMT )
Там 01, 2019 16:02 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Халифе әулеті режимінің Бахрейндегі соңғы қылмысына реакция білдірді

Бахрейндегі Халифе әулетінің режимі қолынан екі бахрейндік шәһид болғаннан кейін Ислам революциясы жетекшісінің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесінің баспасөз қызметінің Twitter-дегі жеке парақшасы хазірет аятолла Хаменеидің осы қылмысқа қатысты ұстанымын жариялады.

Ислам революциясының жетекшісі осы оқиға туралы: "Зұлымдық пен зорлықтың ғұмыры ұзаққа бармайды. Әділеттікті талап ететін халықтардың ерік-жігері мен шешімі ақырында жеңіп шығады",-деді.

Халифе әулетінің режимі елде наразыларды басып-жаншуды жалғастырып, өткен сенбіде бахрейндік екі жас жігіт 24 жастағы Ахмад әл-Малали және 25 жастағы Әли әл-Арабты азаптап, артынан өлім жазасына кесті.