Бригада генералы Салами: Саудиялық күштерді Сирияға жіберу - саяси әжуа
Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: "Саудиялық құрлық күштерін Сирияға жөнелту - саяси әжуа" деді.
Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Хосейн Салами сенбі күні кешке Иранның екінші телеарнасына берген арнайы сұхбатында Арабстан құрлық күштерінің Сирияға орналастырылу ықтималдығы туралы: "Арабстан әскери күшінің шынайы деңгейі әлемнің қоғамдық пікірінен жасырын емес. Арабстан бір коалициямен бірге Йеменге қарсы ашқан теңсіз соғыста барлық көрсеткіштер тұрғысынан Йемен халқын жеңетін басымдылыққа ие болғанымен үлкен сәтсіздікке ұшырады.
Арабстан йемендіктермен құрлықта шайқасу үшін әлемнің жер-жерінен күштер жалдап, құрлықта жалдамалы соғысты көздеп отырған жағдайда және Сауд әулеті режимі Арабстанның ішкі қауіпсіздігін басқа аймақтық елдің бірнеше бригадасы арқылы қамтамасыз етіп отырған кезде осы режим құрлықтағы күш-қуаты тұрғысынан Сирия сияқты қауіп-қатерге толы майданға күштерін жөнелте алатын әлеуетке ие ме?" деді.