Иран Сирия халқының өз елінің тағдырын белгілеудегі рөлін қуаттады
Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары "Сирия халқы өз тағдырын бөгделердің араласуынсыз белгілеуге құқылы" деді.
ИРНА- ның сейсенбі күнгі хабарлауынша, Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян Теһранда Францияның ғылыми зерттеулер орталығының бір топ саяси және әлеуметтік ойшылдарын қабылдауында: «Иран Ислам Республикасының саясаты көршілермен ынтымақтастық пен әріптестік жасау, Сирия дағдарысын шешудің халықаралық үдерісін қолдау және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейтуге негізделген.
Таяу Шығыс және Еуропаның кейбір аймақтарындағы қазіргі күрделі жағдай, босқындық пен миграция дағдарысы кейбір елдердің лаңкестікті көзір ретінде пайдаланудағы қате шараларының салдары болып табылады» деді.
Әмир Абдоллаһиян сондай- ақ аймақтағы үкіметтерді әлсірету және елдерді бөлуді сионистік режимнің стратегиясы деп атап, ұлттық әкімшілік пен жер тұтастығын, аймақ елдерінің тұтастығын құрметтеуді қуаттады.
Француздық делегацияның төрағасы Франсуа Богат та Иран Ислам Республикасының аймақтағы мәртебесі мен әсерлі рөлінің маңыздылығына сілтеме жасап, Иранмен халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттілігін қуаттады.