Жұма күні "Шәһидтерге адалдық" атты шеруде ондаған палестиналық жараланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i43241-Жұма_күні_Шәһидтерге_адалдық_атты_шеруде_ондаған_палестиналық_жараланды
"Шәһидтерге адалдық" деген ұранмен Газа секторында өткен "Оралу құқығы" шеруінің 72-ші жұмасында кемінде 75 палестиналық сионистік режим әскерилерінің оғынан жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 31, 2019 17:16 Asia/Almaty
  • Жұма күні

"Шәһидтерге адалдық" деген ұранмен Газа секторында өткен "Оралу құқығы" шеруінің 72-ші жұмасында кемінде 75 палестиналық сионистік режим әскерилерінің оғынан жараланды.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, сионистік режимнің әскерилері басып алынған Палестинаның Газа секторымен шекаралас ауданында оқ пен көзден жас ағызатын газ атып, палестиналықтардың бейбіт шеруін басып-жаншыды.

Өткен жылдың наурыз айынан басталған "Оралу құқығы" шеруінде осы күнге дейін 320-дан аса палестиналық  шәһид болып, 32 мыңнан аса адам жараланды. Жүздеген адамның жағдайы ауыр.