Нетаньяху Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты үшінші қадамына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i43309
Сионистік режимнің Премьер-министрі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту мақсатында үшінші қадам жасауға шешім қабылдағанына реакциясында Иранға қысым жасауды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 05, 2019 17:09 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Иранның

Сионистік режимнің Премьер-министрі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту мақсатында үшінші қадам жасауға шешім қабылдағанына реакциясында Иранға қысым жасауды талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху бейсенбі күні Ұлыбританияға сапары алдында: "Қазір Иранмен диалог жүргізетін кез емес, оған қысым жасайтын уақыт",-деді.

Нетаньяху: "Лондон сапарында Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон және АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспермен кездесіп, Израильге маңызды мәселелер туралы сұхбаттасамыз",-деді.

ИИР Президенті  Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға қатысты үшінші қадамының жұма күні жүзеге асырылатынын хабарлады.